«Теңізшевройл» оқшауландыру мен технологиялар трансфертіне қатысты бірқатар бастамасын жариялады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Бүгін Атырау қаласында өткен дөңгелек үстел отырысы барысында «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) бас директоры Имер Боннер кәсіпорынның БТӨ-тауарларын оқшауландыру бойынша жүзеге асырып жатқан бірқатар бастамасы туралы хабарлады.

«Теңізшевройл» оқшауландыру мен технологиялар трансфертіне қатысты бірқатар бастамасын жариялады

Оның айтуынша, ТШО ірі жеткізушілермен бірге халықаралық стандарт клапандарын шығаруға, сондай-ақ Қазақстан аумағында сол құралдарға қызмет көрсету мүмкіндігін беретін келісімдерге қол жеткізді. Сонымен қатар, елімізде жақын арада екі тәжірибелі-оқу орталығы жұмыс істей бастайды. Аталған келісімдер ТШО-ның ұзақ мерзімді стратегиясында қазақстандық қамтуды дамыту жоспарлары аясында қабылданды.

«ТШО-ның Теңіз кен орны мен елдің мұнай-газ саласының талаптары үшін қажетті құрал-жабдықтардың бастапқы өндірушілерімен ұзақ мерзімді келісімшарттары бар. Олардың аясында қазақстандық қамтуды дамыту жоспарлары әзірленіп, бүгінгі таңда осы стратегияның кейбір нәтижелерін жариялағалы тұрмын», - деді Имер Боннер.

Сонымен, ТШО бас директорының айтуынша, «Шнайдер Электрик» ЖШС Атырау қаласында энергетика және жабдықтау жүйелерін автоматтандыру саласындағы мамандарына дәріс беруге арналған оқу орталығын ашады. Бұл оқу орны энергетика саласының түлектерін халықаралық стандарттар бойынша кәсіби сертификаттаудан өткізетін елдегі алғашқы орталыққа айналады. Имер Боннердің сөзінше, оқу орталығының ашылуы 2019 жылдың 4 тоқсанына жоспарланған.

Қазақстандықтарға әлемдік деңгейдегі білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік беретін тағы бір жоба - Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ Техникалық университетінің базасында автоматтандыру орталығы мен тәжірибелік зертхана болады. Бұл алаңды ашу туралы келісімге технологиялық процестерді басқару жүйелерін автоматтандыру саласындағы әлемдік көшбасшысы Honeywell Kazakhstan кәсіпорнымен келісімшарт аясында қол қойылды. Айтылғандай, орталық 2019 жылдың қазан айында ашылады.

Cameron және MRC кәсіпорындары «Теңізшевройл» ЖШС-мен жасалған келісімдер аясында клапандардың өндірісін оқшауландыруды жоспарлауда. Атап айтқанда, Cameron Теңіз кенішінің аумағында жетекті және орбиталық клапандарды құрастыру, жөндеу және қызмет көрсету орталығын ашуды жоспарласа, MRC мұнай-газ саласында халықаралық лицензия бойынша неғұрлым сұранысқа ие клапандардың өндірісін бастауға ниетті.

Имер Боннер атап өткендей, ТШО жеткізушілермен бірге ұзақ мерзімді келісімшарттар аясында қазақстандық қамтуды дамытудың жүзге жуық жоспарын әзірледі.

ТШО-ның ұзақ мерзімді келісімшарттарында қазақстандық қамтуды дамыту жоспарлары 2016 жылдан бастап қолданылып келеді және өзін тиімді құрал ретінде көрсетті. Осындай келісімшарттардың бірі Қазақстанда оналасқан Британдық AVON Protection лицензиясы бойынша күләпар түріндегі респираторлардың өндірісі оқшауланды. «QHSE-AkBarys» ЖШС қазақстандық кәсіпорны лицензиар болды.

«Теңізшевройл» ЖШС-дағы тауарлар мен қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту үлесі үздіксіз өсіп келеді. 1993 жылы қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жұмсалған қаржы көлемі 27 млн АҚШ долларын құрады. 2003 жылы бұл көрсеткіш 500 млн. АҚШ долларынан асып түсіп, ал он жылдан кейін 2013 жылы ТШО отандық өндіріс тауарлары мен қызметтерін сатып алуға 2,3 млрд. АҚШ долларын жұмсады. Салыстыратын болсақ: ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 2,1 млрд. АҚШ долларына жетті. 1993 жылдан бері ТШО қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алуға 30 млрд. астам АҚШ доллларын жұмсаған.


«Теңізшевройл» ЖШС – шикі мұнай, сұйық және құрғақ газ, сонымен бірге күкірт өндірумен және өткізумен айналысатын қазақстандық компания. Жұмыстардың барлығы қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық талаптарға сай жүргізілуде. «Теңізшевройл» ЖШС 1993 жылы Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасындағы келісім негізінде құрылды. «Теңізшевройл» ЖШС-ның қазіргі кездегі серіктестері: «Шеврон» корпорациясы – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» – 25% және «ЛукАрко» – 5%.

Келешек кеңею жобасы (ККЖ) мен Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ҰЕҚБЖ) – «Теңізшевройл» ЖШС бір мезгілде жүзеге асыратын біріктірілген екі жоба. ККЖ-ҰЕҚБЖ Теңіз кен орнындағы мұнай өндіру көлемін жылына шамамен 12 млн тоннаға немесе тәулігіне 260 мың баррельге арттыруға мүмкіндік береді және осының нәтижесінде өндіріс көлемі жылына шамамен 39 млн тоннаны немесе тәулігіне 850 мың баррельді құрайды. ККЖ өндіріс қуаттылығын арттыруға бағытталса, ҰЕҚБЖ ұңғыма ернеуіндегі қысымды азайту және қолданыстағы алты кешенді технологиялық желідегі қысымды арттыру арқылы Теңіздегі ағымдағы зауыттардың толыққанды жұмысын қамтамасыз етеді.