«Теңізшевройл» ЖШС қызметкерлерінің 87 пайызы - Қазақстан азаматтары
АТЫРАУ. 9 ақпан. ҚазАқпарат - 2012 жылдың қорытындылары бойынша Атырау облысында Теңіз кен орнын өндірумен айналысатын «Теңізшевройл» ЖШС-дағы қазақстандық қызметкерлердің штаттық үлесі 87 пайызға жетті,
деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.
Бұл ретте орта буындағы қазақстандық басшылардың үлесі басшылық құрамның жалпы санының 76 пайызын құрайды.
Естеріңізге сала кетейік, кәсіпорын құрылған 1993 жылы мұндағы қазақстандық және шетелдік қызметкерлердің саны бірдей болатын.