«Теңізшевройл» ЖШС мұнай өндірісін жылына 37-38 миллион тоннаға жеткізуді жоспарлауда

АТЫРАУ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Алдағы жылдары Атырау облысының Теңіз кенішінде мұнай өндірісі 12 миллион тоннаға өсіп, жылдық жалпы көрсеткіш 37-38 миллион тоннаға жететін болады.
None
None

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің стратегиялық жоспарлау және талдау бөлімінің аға менеджері Кевин Манефа хабарлады.

К.Манефаның айтуынша, компанияның акционерлері қазір мұнай өндірісін кеңейтудің бірнеше нұсқасын қарастыруда.

2009 жылы «Теңізшевройл» тәулігіне 75 мың жуық тонна, ал жыл бойына 22 миллион 530 мың тонна мұнай өндірді және Каспий құбыр желісі консорциумы жүйесімен, теміржолмен, сондай-ақ Бакуге танкерлермен экспорттады. Бұл 2008 жылғы көрсеткіштен 30 пайызға көп. Ал 2010 жылы компания 25-26 миллион тонна деңгейге шығуды жоспарлап отыр. Теңіздегі өндірісті кеңейту жобасы аяқталғаннан кейін жылдық көрсеткіш 37-38 миллион тоннаға жететін болады.

Соңғы жаңалықтар