Теңізшевройлға көп көлемде газ шығарғаны үшін 278 млн теңге айыппұл салынды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Теңіз мұнай кен орнында көп көлемде газ шығарған «Теңізшевройл» ЖШС-ке 278 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.  

Теңізшевройлға көп көлемде газ шығарғаны үшін 278 млн теңге айыппұл салынды

«Жылыой аудандық прокуратурасының талабы негізінде жоспардан тыс тексерулер барысында 2017 жылғы 30 мамырда «Теңізшевройл» ЖШС-тің Теңіз газ өңдеу зауытында қондырғы істен шыққаны анықталды. «Теңізшевройл» ЖШС газ және ластағыш заттар шығару түрінде еркін эмиссияны жүзеге асырған. Бұл ҚР Экологиялық кодексінің 3-бабының 12-бөлігіне, 68-бабының 1-бөлігіне қайшы келеді», - дейді облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер.

«Теңізшевройл» ЖШС әкімшілік құқық бұзушылығы сотта фактілермен дәлелденді. «Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен «Теңізшевройл» ЖШС Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабына сәйкес айыпты деп танылып, 278 млн 468 мың 95 теңге көлемінде айыппұл салынды», - деп мәлімдеді облыстық соттың баспасөз қызметі.