Теннессияда мұғалімдерге эволюция теориясын жоққа шығаруға рұқсат берілді

АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат - Теннессияда эволюция теориясы сияқты бұрыннан жалпылай қабылданып, қолданылып келе жатқан теорияларды жоққа шығарған мұғалімдерді жазалауға тыйым  салатын арнайы заң қабылданды,

Теннессияда мұғалімдерге эволюция теориясын жоққа шығаруға рұқсат берілді

деп хабарлайды Los Angeles Times.

Губернатор-республикашы Билл Хэслем бұл заң жобасына қарсы вета қоймаған, алайда оны қолдайтындығын да білдірмеген. Дегенмен, ол заңның хабылдануы үшін губернатордың қолы болуы міндетті емес болып шыққан.

Құжатта аталмыш заңды қандай да бір діни немесе дінге қарсы доктриналарды қаралауға пайдалануға болмайтындығы жазылған.

Жаңа жобаның жақтастары енді мұғалімдер бұрыннан қалыптасқан доктриналардың дұрысы мен бұрысын емін-еркін талдап, адамның қалай пайда болғаны мен климаттың қалай өзгергендігі туралы ойларын бүкпесіз айтатын болды дейді. Алайда осыған байланысты оқу бағдарламасы өзгертілмейді.

Ал жобаның қарсыластары енді түпкіғылыми көзқарастарға жаппай шабуыл жасалып, олардың құндылығы кетеді деп есептейді. 

Америка мектептерінде эволюция теориясын оқыту мәселесі үнемі қоғамдық назарды өзіне аударумен келе жатыр. Gallup компаниясы 2010 жылы жасаған сауалнамада ел азаматтарының 40 пайызы адамды Құдай дәл осы кейпінде жаратты дегенге сенетіндіктерін айтқан. 38 пайыз респонденттер адам эволюциялық жолмен қалыптасты, алайда бұл үдерісті Құдай жүргізді дегенге сенеді. Американдықтардың тек 16 пайызы ғана адам эволюциясында Құдайдың еш қатысы жоқ деп есептейді.