Теннис: 16 жасар қазақстандық А. Данилина Германия турнирінде топ жарды

АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - 16 жасар қазақстандық Анна Данилина немістің Вейсбаден қаласында өткен ITF дәрежесіндегі теннис турнирінде топ жарды.
None
None

Бұл доданың жүлде қоры - 10 мың доллар.

«Аламан» порталының хабарлауынша, Анна Данилина финалда корт иесі Лаура Зигмундты 7:6 (2), 7:6 (4) есебімен ұтты.

Естеріңізге сала кетейік, Данилина WTA рейтингінде 849 орында, ал ITF жасөспірімдер рейтингінде үшінші сатыда. Теннисшіміз бұл сынға іріктеу сыны арқылы өткен еді. Анна финалға дейін неміс қызы Лиза Бринкманды (6:1, 6:1), серб Дуньи Стаменковичті (6:2, 6:2),америкалық  Бриана Морганды  (6:2, 7:5), чех Катерина Ванкованы  (6:4, 6:1), итальяндық Федерик Кверциді (6:4, 6:3) жеңді. Ал ширек финалда француз Констанс Сибильді (6:4, 6:4), жартылай финалда жарыс қожайыны Джулия Киммельманды жарыстан шығарды - 4:6, 6:4, 6:4.

Соңғы жаңалықтар