Теннис: А.Голубев Швецияда өткен турнирдің жеңімпазы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Йенчепингте (Швеция) «челленджер» дәрежесі бойынша өткен турнирдің чемпионы атанды.
None
None

Championat.com сайтының хабарлауынша, А.Голубев аса тартысты өткен финалдық матчта ресейлік Карен Хачановты 6:7 (7:9), 7:6 (7:5), 7:6 (7:4) есебімен ұтты. 2 сағат 45 минутқа созылған кездесуде А.Голубев доп бергенде 7 рет эйс жасап, екі рет қателесті, сондай-ақ 5 брейкке қол жеткізді. Оның қарсыласы 13 эйс жасап, бес рет қателесті, 5 брейк-понтты өз есебіне пайдалана білді.

Йенчепинг жүлде қоры 42 500 АҚШ долларын құрады.

Соңғы жаңалықтар