Теннис: Александр Бублик Майами мастерс турнирінің жартылай финалына шыға алмады
А.Бублик ширек финалда әлемнің 31-ракеткасы, италиялық Янник Синнермен кездесті.
Бұдан бұрын Дубай жарысында 19 жастағы италиялық спортшы А.Бубликті 2:6, 7:6 (7:2), 6:4 есебімен ұтып кеткен болатын.
Бірінші партияда қазақстандық теннисші 4:2 есебімен алға кетті. Бірақ сетке доп бергенде, қарсыласы брейк жасап, таразы басын теңестірді – 5:5. Тай-брейкте Бублик өз мүмкіндіктерін пайдалана алмады – 6:7 (5:7).
Екінші сетте Бублик 3:0 есебімен алға шыққанымен, италиялық теннисші қайта теңестірді – 3:3. Сосын тағы бір брейкке қол жеткізіп, матчқа доп бергенде, қателескен жоқ – 6:4.
Бәсеке 1 сағат 41 минутқа созылды.
Я.Синнер финалға шығу үшін әлемнің 2-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведев немесе рейтингте 12-сатыда тұрған испаниялық Роберто Батиста-Агуттың біреуімен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Майами турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.