Теннис: Александр Бублик Ньюпорт турнирінің жартылай финалына өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Александр Бублик Ньюпорт (АҚШ) ATP турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 83-орында тұрған А.Бублик ширек финалда әлемнің 72-ракеткасы, америкалық Теннис Сандгренмен кездесті.

Бірінші партияда тәжірибелі Т.Сандгрен А.Бубликке бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0.

Екінші сетте қазақстандық теннисші 6:3 есебімен есе қайырды.

Үшінші, шешуші партияда А.Бублик екі мәрте брейк жасап, 4:0 есебімен алға шықты. Ақыры ол да бұл сетте қарсыласына бірде-бір гейм бермеді – 6:0.

Бәсеке 1 сағат 14 минутқа созылды.

А.Бублик финалға шығу үшін әлемнің 98-ракеткасы, 33 жасар испаниялық Марсель Гранольерспен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Андрей Голубев пен Александр Недовесовтің жұптық сында Нұр-Сұлтан жарысының финалына өткенін, ал Елена Рыбакинаның Бухарест турнирінің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар