Теннис: Александр Бублик рейтингте бірден 19 сатыға жоғары көтерілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші, 21 жасар Александр Бублик дүниежүзілік рейтингте бірден 19 сатыға жоғары көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

А.Бублик осыған дейін 153-орында болса, бүгін 134-сатыға жайғасты.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин керісінше үздік қырық теннисшінің қатарынан шығып қалды. Ол 39-дан 43-ке төмендеді. Тағы бір қазақстандық Александр Недовесов 191-ден 193-ке сырғыды.

Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева 46-дан 47-ге төмендесе, Зарина Дияс 96-дан 94-орынға көтерілді. Елена Рыбакина 193-тен 194-ке ығысты.

Зарина Дияс Индиан-Уэллстегі WTA турнирінің іріктеу сайысына қатысады. Ол жартылай финалда америкалық тәжірибелі теннисші, 32 жасар, әлемнің 134-ракеткасы Варвара Лепченкомен күш сынасады. Оны жеңген жағдайда финалда тағы бір америкалық, рейтингте 123-орындағы Николь Гиббс немесе әлемнің 116-ракеткасы, франциялық Фиона Ферроның біреуімен негізгі турнирге берілер жолдаманы сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Будапешт челенджер турнирінің жеңімпазы атанған А.Бубликтің кеше Франциядағы сондай жарыста үздік шыққанын жазған болатынбыз.

Зарина Дияс Индиан-Уэллстегі челленджер жарысының жартылай финалына дейін жетті.

Соңғы жаңалықтар