Теннис: Александр Бубликтің Эшторил турниріндегі қарсыласы анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 42-ракеткасы Александр Бубликтің Эшторил (Португалия) ATP 250 турниріндегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Осы доданың 5-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 100-орында тұрған испаниялық Педро Мартинеспен кездеседі.

П.Мартинес – іріктеу сайыстары жеңімпаздарының бірі.

Эшторил додасы 26 сәуір – 2 мамыр аралығында өтеді.

2019 жылы бұл жарыста финалда уругвайлық Пабло Куэвасты 6:3, 7:6 есебімен ұтқан грекиялық Стефанос Циципас жеңімпаз атанған еді. Өткен жылы пандемияға байланысты бұл турнир өтпей қалды.

С.Циципас биылғы қатысушылар қатарында жоқ. Ол кеше Барселона ATP 500 турнирінің финалында 3 сағат 38 минутқа созылған аса тартысты бәсекеде испаниялық Рафаэль Надальдан 4:6, 7:6 (8:6), 5:7 есебімен ұтылып қалды. Р.Надаль Барселонада осымен 12 мәрте чемпион атанды. Ал А.Бублик үшінші айналымға шыға алмады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Барселонада үшінші айналымға шыға алмағанын, ATP турнирлерінде эйс саны жөнінен көш бастап келе жатқанын, Зара Дәркеннің Сербиядағы турнирде чемпион атанғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар