Теннис: Александр Бубликтің Мадрид мастерс турниріндегі қарсыласы анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 43-ракеткасы Александр Бубликтің Мадрид мастерс турниріндегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 39-ракеткасы, мажарстандық Мартон Фучовичпен күш сынасады.

Жүлде қоры 2,6 млн еуродан асатын бұл айтулы додаға әлемнің 2-ракеткасы, испаниялық Рафаэль Надаль бастаған мықты теннисшілер қатысады.

Жарыс 2-9 мамыр аралығында өтеді.

Бүгін турнирдің іріктеу сайыстарында тағы бір қазақстандық, дүниежүзілік рейтингте 104-орында тұрған Михаил Кукушкин бақ сынайды. Ол әлемнің 80-ракеткасы, испаниялық Пабло Андухармен кездеседі.

Еске сала кетейік, Елена Рыбакина Мадрид турнирін жеңіспен бастады, ал қазақстандық жасөспірім теннисші Черногорияда жеңімпаз атанды.



Соңғы жаңалықтар