Теннис: Александр Недовесов «Cary Challenger» турнирінің негізгі кезеңіне шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Александр Недовесов АҚШ-тың Кэри аймағында теннистен ATP Challenger санатына енетін «Cary Challenger» турнирінің негізгі кезеңіне шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Теннис: Александр Недовесов «Cary Challenger» турнирінің негізгі кезеңіне шықты

Іріктеу кезеңінің финалында Недовесов америкалық Патрик Кипсонмен кездесті. Бәсеке екі сетке созылып, ойын 6:4, 6:3 есебімен аяқталды.

Айта кетерлігі, Недовесов аталған турнирдің жұптық кезеңінде Андрей Голубевпен ойнайды.