Теннис: Александр Недовесов Нұр-Сұлтан турнирін жеңіспен бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Александр Недовесов елордада өтіп жатқан Forte Challenger 100 іріктеу сайысының финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, А.Недовесов алғашқы кездесуін ресейлік Савриан Даниловпен өткізді.

Қазақстандық теннисші 1 сағат 33 минутқа созылған матчта 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Ол бәсеке барысында үш брейк жасай алды.

Негізгі турнирге өту үшін А.Недовесов өзбекстандық Сергей Фомин немесе украиналық Владислав Манафовтың біреуімен таласады.


Іріктеу сайысында тағы бір қазақстандық Данил Озерной ресейлік Иван Неделькоға 4:6, 0:6 есебімен есе жіберді.

Сондай-ақ Григорий Ломакин де ресейлік Алексей Захаровтан 2:6, 3:6 есебімен ұтылып қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын елордада өтетін додада қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталғанын, сондай-ақ жұптық сын жеребесі тартылғанын, Александр Бубликтің Сингапур турниріне қатысатынын жазған болатынбыз.





Соңғы жаңалықтар