Теннис: Алматыда «Almaty Futures» халықаралық ерлер турнирі өтуде

АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Алматыда жүлде қоры 10 мың АҚШ долларын құрайтын теннистен «Almaty Futures» халықаралық ерлер турнирі басталды,
None
None

деп хабарлады ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.

Халықаралық жарысқа Қазақстан, Словакия, Ресей, Беларусь, Чехия, Эстония, Өзбекстан, Бельгия және Швейцарияның теннисшілері қатысуда.

Ал Қазақстан намысын Данил Браун, Дмитрий Макеев, Тимур Хабибулин, Сержан Есенбеков, Айдынбек Рақышев пен Антон Саранчуков қорғайтын болады.

Елімізде мұндай турнирлерді өткізу Қазақстанда теннис спортының танымалдығын арттыруға, теннисшілеріміздің шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік беріп, халықаралық рейтингін жоғарылатуға жол ашады, делінген еліміздің Теннис федерациясы сайтында.

Соңғы жаңалықтар