Теннис: Алматыда өтетін турнирде қазақстандықтардың қарсыластары анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматыдағы «ЦСКА» теннис орталығында «Beeline Open Challenger 80 Almaty» турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, осы челленджер жарысының 6-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық Дмитрий Попко іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен сынға түседі.

Ұйымдастырушылардан арнайы шақырту алған Денис Евсеев италиялық Риккардо Бонадиомен кездеседі. Тимофей Скатов Алматы челленджер турнирінің 2019 жылғы жеңімпазы, тағы бір италиялық Лоренцо Джустиномен шеберлік байқасады. Бейбіт Жукаевқа да мықты қарсылас тап болды. Ол доданың 1-ракеткасы, словакиялық Андрей Мартинмен кортқа шығады.

Жұптық бәсекеде Достанбек Ташболатов пен Б.Жукаев алғашқы айналымда бельгиялықтар Зизу Бергс – Киммер Коппеянс, Д.Евсеев өзбекстандық Денис Истоминмен бірге украиналық Владислав Манафов – ресейлік Евгений Турневпен жолдары тоқайласады. Сондай-ақ Т.Скатов испаниялық Карлос Химено Валеромен бірге испаниялықтар Адриан Менендес – Роберто Ортега, Д.Попко мысырлық Мохамед Сафватпен бірге канадалық Брайден Шнур – тайбэйлік Янг Цунг, Григорий Ломакин ресейлік Ян Бондаревскиймен бірге болгариялық Димитар Кузманов – италиялық Марко Моронимен ойнайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Ролан Гаррос турнирінің төртінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.

Е.Рыбакина Франция ашық чемпионатының ширек финалына шығу үшін өз спорт жолында алғаш рет атақты америкалық, «Үлкен дулыға» турнирлерінің 23 мәрте чемпионы Серена Уильямспен таласады.



Соңғы жаңалықтар