Теннис: Андрей Голубев жұптық сында Санкт-Петербург турнирінің финалында жеңіліп қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Санкт-Петербург ATP 250 турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Теннис: Андрей Голубев жұптық сында Санкт-Петербург турнирінің финалында жеңіліп қалды

А.Голубев монаколық Хьюго Ниспен бірге финалда осы жарыстың 1-ракеткалары, ұлыбританиялық Джэйми Маррей – бразилиялық Бруно Соареспен бас жүлдені сарапқа салды.

Д.Маррей мен Б.Соарес 1 сағат 20 минутқа созылған матчта 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Бәсеке барысында Голубев пен Нис 4 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды. Қарсыластары 1 эйс, 3 брейкке (5 брейк-пойнт) қол жеткізді.

Бұл А.Голубевтің өз спорттық жолындағы жұптық сында ATP додаларындағы екінші финалы еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Голубевтің Санкт-Петербург турнирінің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ ол кейін финалға да өтті.