Теннис: Анна Данилина Мәскеуде ITF турнирінде жеңімпаз атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Анна Данилина швейцариялық спортшы Ксения Кноллмен бірге Мәскеудегі ITF турнирінің жұптық бәсекесінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Қазақстанның теннис федерациясы.
None
None

Ақтық сында Данилина-Кнолл турнирдің екінші жұбы ресейлік Екатерина Бычкова мен Евгения Родинаны екі сетте - 6:3, 6:2 есебімен жеңді.

Финалға шықпас бұрын, олар жартылай финалды украиналық жұп Алена Фомина мен Анастасия Васильеваны 6:4, 6:3 есебімен, ширек финалда ресейлік Анна Смолина мен Любовь Васильеваны, бірінші айналымда Ресей спортшысы Нателла Дзаламидзе мен украиналық Ганна Позничеренконы тізе бүктірген.

Айта кетейік, турнирдің жалпы сыйақы қоры 25 мың АҚШ долларын құрады.

Соңғы жаңалықтар