Теннис: Анна Данилина рейтингіде 25-орынға көтерілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) және кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Теннис: Анна Данилина рейтингіде 25-орынға көтерілді

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Аустралия ашық чемпионатының финалына дейін жеткен Анна Данилина жұптық сында рейтингіде 25-орынға көтерілді.

Жекелей сында Елена Рыбакина 12-інші, Юлия Путинцева 42-орнында қалса, Зарина Дияс 118-сатыға сырғыды.

Ерлер арасында Александр Бублик 37-ден 35-ке жоғарылады. Михаил Кукушкин де 166-орынға жайғасты. Дмитрий Попко 180-орнында қалса, Тимофей Скатов 236-сатыға көтерілді.

Денис Евсеев 351-інші, Бейбіт Жукаев 696-орында келеді.

Жұптық сында Андрей Голубев 30-ыншы, Александр Недовесов 67-орында тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Аустралия ашық чемпионатының финалында жеңіліп қалғанын, Рафаэль Надальдың «Үлкен дулыға» турнирін 21-рет ұтқанын жазған болатынбыз.