Теннис: Анна Данилина жұптық сында Лион турнирінің жартылай финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Анна Данилина Беларусь өкілі Лидия Морозовамен бірге жұптық сында Лион (Франция) WTA турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Теннис: Анна Данилина жұптық сында Лион турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, А.Данилина мен Л.Морозова ширек финалда доданың 4-ракеткалары болып ресейліктер Екатерина Александрова - Яна Сизиковамен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-беларусьтік жұп 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Бәсеке 1 сағат 6 минутқа созылды.

А.Данилина мен Л.Морозованың жартылай финалдағы қарсыластары бүгін анықталады.

Лион жарысының жүлде қоры - 235 238 АҚШ доллары.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің Роттердамда әлемнің жетінші ракеткасын ұтқанын, А.Недовесовтің жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.