Теннис: Астанада «Президент кубогы-2016» халықаралық турнирі өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана төрінде шілденің 25-31 аралығында теннистен «Президент кубогы - 2016» халықаралық турнирі өтеді. Жарысқа Германия, Франция, Ұлыбритания бастаған 25-тен астам мемлекеттің ең мықты кәсіпқой спортшылары өнер көрсетеді. Сондай-ақ, осы додада балалар мен әуесқой спортшылар да сынға түсіп, өз өнерлерін паш етеді.
Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын шілде айында ұйымдастырылатын бұл жарыстың жүлде қоры 125 мың АҚШ долларын құрайды. Бір аптаға созылатын тартысты бәсеке елордадағы Ұлттық теннис орталығында өтеді.