ТЕННИС: Австралия ашық чемпионатында тағы бір қазақстандық Ю.Путинцева ойнайтын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Словакиялық теннисші Яна Чепелова Мельбурн қаласында өтіп жатқан Австралияның ашық чемпионатына қатысудан бас тартты.
None
None

Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, 21 жасар Я.Чепелова 20 қаңтар күні украиналық Элина Свитолинамен күш сынасуы тиіс болатын. Енді Чепелованың орнына Қазақстанның өкілі Юлия Путинцева ойнайды. Ю.Путинцева осы чемпионатқа іріктеу сайысының финалында чехиялық Люция Градецкаға жол берген болатын. Енді оған тағы бір мүмкіндік беріліп отыр. Айта кетейік, Австралия ашық біріншілігінің алғашқы күні-ақ күтпеген нәтижелер тіркелуде. Соның ең бастысы, әлемнің бесінші ракеткасы, сербиялық Ана Иванович сол Л.Градецкадан ұтылып қалды. Ендеше, Ю.Путинцеваның да жолы болып кетер.

Соңғы жаңалықтар