Теннис: Бублик Индиан-Уэллсте іріктеу сайысының финалына жолдама алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Александр Бублик Индиан-Уэллсте (АҚШ, Калифорния штаты) өтіп жатқан халықаралық турнирде іріктеу сайысының финалына жолдама алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Теннис: Бублик Индиан-Уэллсте іріктеу сайысының финалына жолдама алды

Әлемдік рейтингте 143-інші орында тұрған А.Бублик америкалық Кевин Кингтен 6:2, 6:4 есебімен басым түсті. Ол енді негізгі турнирге жолдама алу үшін финалда тағы бір америкалық, әлемнің 231-інші ракеткасы Митчелл Крюгермен күш сынасады.
Еске сала кетейік, әйелдер арасындағы осы турнирде Қазақстаннан Зарина Дияс пен Юлия Путинцева сынға түседі. Зарина әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, атақты америкалық Серена Уильямспен, Юлия бельгиялық Элисон Ван Эйтванкпен кортқа шығады.


Фото: i.eurosport.com