Теннис: Бублик Париждегі мастерс турнирінде ұтылып қалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Александр Бублик Париждегі мастерс турнирінің алғашқы айналымынан аса алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
А.Бублик әлемнің 32-ракеткасы, италиялық Лоренцо Сонегомен шеберлік байқасты.
Бұдан бұрын Л.Сонего Парижде өткен Франция ашық чемпионатында А.Бубликті үш партияда тізе бүктірген болатын.
Бұл жолы да италиялық теннисші шеберлігі басым екендігін танытып, екі сетте 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Бәсеке бір сағаттай уақытқа созылды.
Л.Сонего екінші айналымда аустралиялық Алекс де Минормен кездеседі.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Джон Миллманның қонақжайлылық көрсеткен қазақстандықтарға ризашылығын білдіргенін жазған болатынбыз.