Теннис: Бублик пен Голубев Анталия турнирінің ширек финалына шықты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Александр Бублик пен Андрей Голубев жұптық сында Анталия турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық жұп бастапқы кездесуін бельгиялық Давид Гоффен мен франциялық Пьер-Юг Эрбермен өткізді.
Бірінші партияда А.Бублик пен А.Голубев 6:3 есебімен басымдылық танытса, екіншісінде қарсыластары есе қайырды – 6:0.
Тай-брейкте қазақстандық жұп жеңісті жұлып алды – 12:10.
Бәсеке 1 сағат 11 минутқа созылды.
А.Бублик пен А.Голубев жартылай финалға шығу үшін Израиль теннисшісі Йонатан Эрлих пен Беларусь өкілі Андрей Василевский және франциялықтар Жереми Шарди мен Фабрис Мартен жұптарының қай жеңгенімен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Анталия жарысын сәтті бастағанын, Юлия Путинцеваның Әбу-Даби турнирінің үшінші айналымына шыққанын жазған едік.