Теннис: Бублик пен Голубев Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Александр Бублик пен Андрей Голубев жұптық сында Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық жұп екінші айналымда Франция ашық чемпионатының 5-ракеткалары, хорватиялық Иван Додиг – словакиялық Филип Полашекпен күш сынасты.

Бірінші партияда А.Бублик пен А.Голубев тай-брейкте әбжілдік танытты – 7:6 (7:5).

Екінші сетте тіпті айқын басымдылық көрсетті – 6:1.

Бәсеке 1 сағат 21 минутқа созылды.

А.Бублик пен А.Голубев «Үлкен дулыға» додасының ширек финалына шығу үшін осы жарыстың 11-ракеткалары, нидерландылықтар Уэс Колхоф – Жан-Жюльен Ройер немесе германиялық Доминик Кёпфер – финляндиялық Эмил Руусувуори жұптарының қай жеңгенімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның жұптық сында Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына өткенін, Елена Рыбакинаның алғаш рет үшінші айналымға шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық теннисшілер жұптық бәсекелерін сәтті өткізуде.
Соңғы жаңалықтар