Теннис: Бублик пен Кукушкин Роттердам турнирінде ойнайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар Александр Бублик пен Михаил Кукушкин Роттердам турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 54-ракеткасы А.Бублик рейтингісі жоғары болғандықтан, негізгі жарысқа бірден ілікті.

Рейтингте 68-орында тұрған М.Кукушкинге іріктеу сайысына қатысуға тура келді. Ол бүгін әлемнің 131-ракеткасы, германиялық Янник Маденмен кездесті.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші айқын басымдылық көрсетті - 6:1.

Екінші сетте Я.Маден 3:0 есебімен алға шықты. Дегенмен М.Кукушкин таразы басын теңестіре алды. Ақыры тай-брейкті жеңіспен тәмамдады - 7:6 (7:4).

Бәсеке сағат жарымға созылды.

А.Бублик пен М.Кукушкиннің қарсыластары кейін анықталады.

Жүлде қоры 2,1 млн астам еуроға бағаланған Роттердам жарысы 10-16 ақпан аралығында өтеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Федерация кубогының іріктеу кезеңінде Қазақстанның Бельгиядан жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар