Теннис: Бублик рейтингте бірден 28 сатыға көтерілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Александр Бублик дүниежүзілік рейтингте бірден 28 сатыға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

А.Бублик осыған дейін 172-орында болса, бүгін 144-сатыға жайғасты.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин де екі сатыға жоғарылады, қазір ол 53-орында.

Сол секілді Александр Недовесов 200-ден 198-ге көтерілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын 21 жасар Александр Бубликтің Будапешт турнирінің жеңімпазы атанғанын, ал Михаил Кукушкиннің Роттердам турниріндегі қарсыласы анықталғанын жазған болатынбыз.

Бүгін М.Кукушкин алғашқы айналымда Нидерланды елінің өкілі, әлемнің 55-ракеткасы Робин Хасемен кортқа шығады.

Соңғы жаңалықтар