Теннис: Бублик «Ролан Гаррос» турнирін жеңіспен бастады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Александр Бублик "Ролан Гаррос" турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дүниежүзілік рейтингте 91-орында тұрған қазақстандық спортшы жарысқа іріктеу сайыстарынан кейін қосылған әлемнің 173-ракеткасы, германиялық Рудольф Моллекермен кездесті.
Тартысты өрбіген матчта А.Бублик 7:5, 6:7 (4:7), 6:1, 7:6 (7:2) есебімен жеңіске жетті.
Бәсеке 2 сағат 37 минутқа созылды.
А.Бублик екінші айналымда әлемнің 4-ракеткасы, аустриялық Доминик Тим немесе рейтингте 131-сатыдағы америкалық Томаш Полдың біреуімен шеберлік байқасады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын "Ролан Гаррос" турнирінің басталатынын, әйелдер арасында Зарина Диястың екінші айналымға шыққанын жазған болатынбыз.