Теннис: Денис Евсеев Нұр-Сұлтан турнирінің екінші айналымына шықты
Дүниежүзілік рейтингте 305-орында тұрған Д.Евсеев бастапқы кездесуін әлемнің 472-ракеткасы, чехиялық Михаил Врденскимен өткізді.
Қазақстандық теннисші 1 сағат 14 минутқа созылған бәсекеде 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Д.Евсеев екінші айналымда әлемнің 233-ракеткасы, аустриялық Лукас Мидлермен күш сынасады.
Жарысты екінші айналымнан бастайтын осы турнирдің бесінші, әлемнің 196-ракетасы Александр Недовесов рейтингте 365-сатыдағы аргентиналық Факунда Менамен шеберлік байқасады.
Басқа қазақстандықтар бірінші айналымнан аса алмады. Бүгін Андрей Голубев Израиль елінің өкілі Эдан Лешемге 6:7, 4:6 есебімен есе жіберді.
Нұр-Сұлтанда сондай-ақ әйелдер де сынға түсуде.
Өткізіле бастағанына 27 жыл болған Президент кубогы үшін турнир (жалпы жүлде қоры – 215 мың АҚШ доллары) 21 шілдеде мәреге жетеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Бухарест турнирін жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.