Теннис: Денис Евсеев жұптық сында Португалиядағы турнирдің финалында ұтылып қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Денис Евсеев италиялық Риккардо Бонадиомен бірге жұптық сында Португалиядағы Оэйраш челленджер турнирінің финалында жеңілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, қазақстандық-италиялық жұп финалда германиялықтар Оскар Отте – Матс Мораингпен күш сынасты.

Соңғы сында германиялық жұп 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бәсеке 48 минутқа созылды.

Д.Евсеев финалда жеңгенде, спорт жолында челленджер додаларындағы алғашқы табысына қол жеткізер еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Денис Евсеевтің жұптық сында Португалиядағы турнирдің финалына шыққанын, Алматыда теннистен Қазақстан жасөспірімдер чемпионатында мәреге жеткенін жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар