Теннис: Дэвис кубогінің ширек финалдық кездесуі Кукушкиннің жеңілісімен басталды
АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Астанада Қазақстан Мен Чехия арасында теннистен Дэвис кубогінің ширек финалдық кездесуі өтуде.
Бүгін алғашқы матчта Ұлттық теннис кортында Михаил Кукушкин мен чех Ян Хайек ракетка түйістірген болатын.
Өкінішке орай, отандасымыз Михаил Кукушкин үш сетте қарсыласына жол берді. Есеп - 6:3, 6:2, 6:4. Осылайша чехтар 1-0 есебімен алға шықты.
Еске сала кетейік, АТР рейтингісінде Кукушкин 156-орында тұр. Ал оның қарсыласы Ян Хайек 94-орында.
Қазір кортта Андрей Голубев пен Лукаш Росол арасындағы кездесу өтуде.
Айта кетейік, ертең, кездесудің жұптық сайысында Евгений Королев пен Юрий Щукин жұбы Радек Штепанек мен Иво Минармен күш сынасады.
Матчтық кездесудің соңғы үшінші күнінде Евгений Королев - чехиялық Лукаш Росолға, Андрей Голубев Ян Хаейкке қарсы ойнайды.