Теннис: Дэвис Кубогы-2013 аясында қазақстандық құрама Чехияға тегеурінді қарсылық көрсетуге дайын

АСТАНА. 3 сәуір. ҚазАқпарат - Теннистен Қазақстанның ерлер құрамасының капитаны Диас Досқараев қазақстандық команда чехиялық спортшыларға қарсы матчқа дайын екендігін айтты.

Теннис: Дэвис Кубогы-2013 аясында қазақстандық құрама Чехияға тегеурінді қарсылық көрсетуге дайын

Бұдан бұрын хабарланғандай, 5-7 сәуірде Астанада Дэвис Кубогы-2013 әлемдік тобының ширек финалында теннистен Қазақстанның ерлер құрамасы Чехияға қарсы ойнайды.

Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Д. Досқараев еліміздің спортшылары аталған дода алдында өздерін жақсы сезініп жүргендігін жеткізді. Сонымен қатар капитан Чехия теннисшілері тегеурінді қарсылас екенін, сондықтан да алдағы кездесудегі тартыс оңайға түспейтінін атап өтті.

Екі жыл бұрын Остраве қаласында қазақстандық теннисшілер Дэвис Кубогы әлемдік тобында Чехиямен тартысқа түскен болатын. Онда Андрей Голубев әлемнің 7-ші ракеткасы Томаш Бердыхты, ал Михаил Кукушкин Ян Гайекті ұтып, ширек финалға жолдама алған еді.

«Дегенмен, олар бізге есе қайтару үшін тас-түйін дайындалып келді»,-деді Д. Досқараев.