Теннис: Дэвис кубогы рейтингінде Қазақстан 10-орында тұр

АЛМАТЫ. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Дэвис кубогының жаңартылған рейтингі жарияланды
None
None

Онда Қазақстан үздік ондықтың қатарында тұр. Рейтнг бойынша Испания мен Сербия өздерінің көшбасшылық орнын сақтап қалды. Бұған дейін алғашқы үштікте тұрған Франция өзін өкшелеп келе жатқан Аргентинаға орын босатты. 5-6 сатылардағы Чехия мен АҚШ өз орындарын сақтап қалды. Ресей, Қазақстан, Германия құрамалары болса 1 сатыға төмендеп, біріншісі - 7-ден 8-ші, екіншісі - 9-дан 10-шы, үшіншісі - 8-ден 9-шы орындарға сырғыды. Бұрын 12-ші орында тұрған Хорватия 7-ші сатыға көтерілді.

Былтыр Астанада Швейцарияны 5:0 есебімен ойсырата ұтып Қазақстан құрамасы тұңғыш рет Дэвис кубогы жарысында әлемнің үздік 16 командасының қатарына енген болатын. Биыл біздің команда бұл жарыста ширек финалға дейін жетіп, үздік үштіктің қатарына енген Аргентина құрамасына есе жіберді.

Соңғы жаңалықтар