Теннис: Дмитрий Попко Алматы турнирінің бірінші ракеткасын ұтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Дмитрий Попко Алматы челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 195-орында тұрған Д.Попко ширек финалда әлемнің 108-інші, осы доданың 1-ракеткасы, словакиялық Андрей Мартинмен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда брейк жасаған қазақстандық теннисші есеп 5:4 болғанда сетке доп бергенімен, оны пайдалана алмады. Дегенмен қайыра брейк жасап, екінші мүмкіндігін мүлт жібермеді – 7:5.

Д.Попко екінші сетті де брейкпен бастап, алға кетті. Ақыры сол басымдылығын сақтап қалды – 6:4.

Тартысты бәсеке 1 сағат 42 минутқа созылды.

Д.Попко финалға шығу үшін рейтингте 259-сатыдағы бельгиялық Зизу Бергспен таласады. Ол ширек финалда әлемнің 174-інші, осы жарыстың 3-ракеткасы, отандасы Киммер Коппеянсты 6:3, 2:6, 6:4 есебімен ұтты.

Егер Д.Попко мен Т.Скатов жартылай финалда қарсыластарын жеңсе, финалда өзара кездеседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жұптың тұңғыш рет Ролан Гаррос жарысының финалына өткенін, Зарина Диястың Ноттингем турнирінің ширек финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Тимофей Скатов Алматы турнирінің жартылай финалына шықты.






Соңғы жаңалықтар