Теннис: Дмитрий Попко Шымкент турнирінің финалында есе жіберді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Шымкент челленджер турнирінің финалында словакиялық Андрей Мартинмен кортқа шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы турнирдің төртінші ракеткасы, 1989 жылғы тәжірибелі А.Мартин дүниежүзілік рейтингте 206-орында болса, 22 жасар Д.Попко небәрі 606-сатыда еді.

Бірінші партияда есеп 6:5 болған мезетте қазақстандық теннисші брейк жасай білді - 7:5.

Екінші сетте Д.Попко тағы бір брейкпен алға шықты - 4:2. Өкінішке қарай, қазақстандық теннисші осы қарқынын жалғастыра алмай, А.Мартиннің қос бірдей брейк жасауына жол беріп қойды - 4:5. Ақыры словакиялық теннисші төрт геймді қатарынан алып, сетті өз пайдасына шешті - 6:4.

Үшінші, шешуші партияда есеп 2:1 болған мезетте Д.Попко брейк жасай алды - 3:1. Алайда Мартин де қарап қалмады - 3:3. Сосын ұрымтал сәтте тағы бір брейк жасап, өзі алға кетті - 5:4. Сосын матчқа доп бергенде, Попконың брейк жасауына мүмкіндік берген жоқ - 6:4.

Нағыз финалға тән аса тартысты бәсеке үш сағатқа жуық уақытқа созылды.

Осылайша А.Мартин жүлде қоры 54 160 АҚШ долларына бағаланған Шымкент турнирінің жеңімпазы атанды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Жапониядағы турнирдің финалында жеңіліп қалғанын, Дмитрий Попконың Шымкентте соңғы бәсекеге жолдама алғанын, Қазақстанның бірінші ракеткалары Михаил Кукушкин мен Юлия Путинцеваның Рим турниріндегі қарсыластары анықталғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар