ТЕННИС: Джокович Австралия ашық чемпионатында жеңімпаз атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сербия спортшысы Новак Джокович Австралия ашық чемпионатының бесінші дүркін жеңімпазы атанды, деп хабарлады ВВС.
Мельбурн қаласында жексенбі күні өткен финалдағы кездесуде Джокович британдық теннисші Энди Маррейді 7:6 (7:5), 6:7 (4:7), 6:3, 6:0. есебімен жеңді. Ойын 3 сағат 39 минутқа созылды. Джокович бұл турнирде 2008, 2011, 2012, 2013 жылдары жеңіске жеткен.