ТЕННИС: Джокович Федерерді ұтып, US Open жеңімпазы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сербиялық теннисші Новак Джокович АҚШ Ашық чемпионатының жеңімпазы атанды. Финалда ол швейцариялық Роджер Федерерді 6:4, 5:7, 6:4, 6:4 есебімен ұтты.
Теннисшілер кортта 3 сағат 23 минут болды. Кездесу жауын салдарынан кешірек басталды.
Теннис. Ерлер. US Open. Финал. Нью-Йорк (АҚШ)
Новак Джокович (Сербия, 1) - Роджер Федерер (Швейцария, 2) - 6:4, 5:7, 6:4, 6:4
Джокович Үлкен дулыға турнирінің 10 мәрте жеңімпазы атанды.