ТЕННИС: Джокович жеңісінің саны жағынан көшбасшы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемнің бірінші ракеткасы, серб Новак Джокович Мадридтегі турнирдің финалында британдық Энди Маррейден 6:2, 3:6, 6:3 есебімен басым түсіп, өзінің спорттық жолында 29-ыншы «Мастерсін» ұтып алды.
Осылайша серб Рафаэль Надальді басып озып, осы көрсеткіш бойынша қайтадан көшбасшы атанды.
Бұдан басқа Маррейді сүріндіру Джоковичтің Топ-10 теннисшілеріне қарсы матчтарда қатарынан 15- іншісі рет жеңіске жетуі болды. Бұл серия барысында ол бар-жоғы екі рет қана ұтылды, деп хабарлайды. sports.ru.