Теннис: Елена Рыбакина Аделаида турнирінің финалына шықты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 14-ракеткасы Елена Рыбакина Аделаида WTA 500 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 105-рейтингте тұрған жапониялық Мисаки Доимен кездесті. Бірінші партияда қазақстандық теннисші 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сетте есеп 3:3 болған мезетте Елена тағы бір брейк жасады. Сосын матчты тағы бір брейкпен тәмамдады - 6:3. Е.Рыбакина жүлде қоры 535 мың АҚШ долларына бағаланған жарыстың финалында әлемнің 1-ракеткасы, аустралиялық Эшли Барти немесе рейтингте 9-сатыдағы Польша өкілі Ига Швентектің біреуімен бас жүлдені сарапқа салады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Аделаида турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.