Теннис: Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жариялаған рейтингіде үш саты жоғарылады, депхабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Е.Рыбакина 19-дан 16-орынға көтеріліп, өзінің үздік көрсеткішін қайталады.
Юлия Путинцева 44-сатыда қалса, Зарина Дияс 100-ден 102- ге сырғып, үздік жүздіктен шығып қалды. Жібек Құламбаева 533-тен 515-ке көтерілді.
Жұптық сында Е.Рыбакина 49-ыншы, Анна Данилина 84- орында келеді. Жібек Құламбаева мен 16 жасар Дана Байдәулет сәйкесінше 75 және 640 сатыға жоғарылады.
Сөйтіп Ж.Құламбаева 397-інші, Дана 975-орынға жайғасты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Андрей Голубевтің жұптық сында Санкт-Петербург турнирінің финалында жеңіліп қалғанын , оның әлемдік рейтингіде 28-орынға көтерілгенін
жазған болатынбыз.