10:11, 21 Қаңтар 2020 | GMT +5
Теннис: Елена Рыбакина Аустралия чемпионатының екінші айналымына шықты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 26-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осы «Үлкен дулыға» турнирінің 29-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы кездесуін рейтингте 65-орында тұрған америкалық Бернарда Перамен өткізді.
Е.Рыбакина қарсыласын 6:3, 6:2 есебімен қиналмай жеңді.
Бәсеке 1 сағат 5 минутқа созылды.
Е.Рыбакина екінші айналымда әлемнің 94-ракеткасы, Беларусь өкілі Александра Саснович немесе рейтингте 119-сатыдағы бельгиялық Гретье Минненнің біреуімен шеберлік байқасады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Е.Рыбакинаның рейтингте көтерілгенін жазған болатынбыз.