Теннис: Елена Рыбакина Санкт-Петербург турнирінің ширек финалына шыға алмады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Санкт-Петербург WTA 500 турнирін жалғастыра алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Теннис: Елена Рыбакина Санкт-Петербург турнирінің ширек финалына шыға алмады

Доданың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 42-орында тұрған чехиялық Тереза Мартинцовамен ойнауы тиіс еді.

Алайда Е.Рыбакина денсаулығына байланысты матчқа келуден бас тартты. Осылайша ол жарыс жолынан шығып қалды.

Т.Мартинцова жартылай финалға шығу үшін өзінің отандасы, әлемнің 23-ракеткасы Петра Квитова немесе рейтингте 56-сатыдағы румыниялық Ирина Бегудің біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Санкт-Петербург жарысын сәтті бастағанын, Александр Бубликтің Роттердам турнирінде ұтылып қалғанын жазған болатынбыз.