Теннис: Елордада ATP Challenger Tour сериясында халықаралық турнирлер өтеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың 21-28 ақпанында және 28 ақпан мен 7 наурыз аралығында елордада теннистен ATP Challenger Tour сериясы аясында «FORTE CHALLENGER 100» және «FORTE CHALLENGER 125» халықаралық турнирлері өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Теннис федерациясының мәліметінше, жалпы жүлде қоры 260 400 АҚШ долларын құрайтын бұл турнирлерге теннистен әлемдік рейтингіде ТОП-100-ге кіретін спортшылар қатысады. Олардың қатарында кордқа Қазақстан атынан Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко, Александр Недовесов, Денис Евсеев, Тимофей Скатов, Григорий Ломакин сынды теннисшілер шығып, бақ сынайды.
«Қазақстан елордасында ірі турнирлер өтеді. Коронавирус пандемиясына байланысты бүкіл әлемде көптеген жарыс кестесіне өзгеріс енгізілуіне байланысты Кәсіби теннисшілер қауымдастығы Қазақстанның теннис федерациясынан екі турнирді бірден өткізуге өтініш жасады. Жарыстың бұл сериялары Австралиядағы ашық чемпионатты өнер көрсетуін аяқтаған ойыншылар үшін тамаша мүмкіндік болмақ. Олар бірден келіп, екі турнирде ойнай алады. Біз Қазақстан құрамасы мүшелерінің барлығы дерлік қатысады деп күтеміз. Бұл – спортшыларымыз үшін ұпай жинап, рейтингідегі позицияларын жақсарту, Олимпиада ойындарына ілігу үшін жақсы мүмкіндік. Жеңімпаздар үшін 100 және 125 ұпай ұтысқа салынатын мұндай «челленджер» санатындағы жарысты бұған дейін өткізген емеспіз. Турнирдің деңгейі өте жоғары және мықты ойыншылар келеді деп күтеміз. Мұны тіркелген теннисшілер тізімі де көрсетіп отыр», - деді Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польский.
Айта кетерлігі, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің жоғары шараларына байланысты бұл турнирлер көрерменсіз әрі қатаң хаттамаға сай өткізіледі. Бұған қоса, регламентке байланысты споршылар қаланың көрікті орындарын аралап, музейлерге бара алмайды.