ТЕННИС: Евгений Королёв карьерасын аяқтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасының атынан шығып жүрген ресейлік теннисші Евгений Королёв карьерасын аяқтады, деп жазады sportnews.kz.

ТЕННИС: Евгений Королёв карьерасын аяқтады

Оның ең жақсы нәтижесі 2009 жылы орын алған. Сол жылы Делрэй-Бич қаласындағы турнирдің финалына дейін барған болатын. Сондай-ақ, ол бес рет «Челенжер» турнирлерінде жеңіске жеткен. 2010 жылы Королёв Австралия ашық чемпионатының ширек финалында ойнаған. Сол жылдың ақпан айында АТР рейтингінде 46-орынға дейін көтерілген. Евгений Қазақстан ұлттық құрамасынының сапында үш рет Дэвис кубогының ширек финалында ойнады. Евгений Королёв осы уақытқа дейін 1 509 207 АҚШ долларын жинаған. Еске сала кетейік, Королёв карьерасын 2005 жылы бастаған болатын.