ТЕННИС: Федерер Надальді сүріндірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Роджер Федерер Базельде өткен турнирдің шешуші ойынында Рафаэль Надальді 6:3, 5:7, 6:3 есебімен ұтты. Матч 2 сағат 5 минутқа жалғасты.
Осылайша Федерер испаниялықты 2012 жылдың наурызынан бері бесінші рет жеңіп отыр. Бұл Федерердің Базельдегі жетінші жеңісі. Енді байырғы қарсыластар Париждегі «Мастерсте» өзара кім мықтыны анықтайды, деп хабарлайды 24.kz.