08:09, 22 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Теннис: Г.Воскобоеваның жұбы Hansol Korea Open халықаралық турнирінің жартылай финалына шықты
АСТАНА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева мен ресейлік Вера Душевина жұбы жүлде қоры 220 мың АҚШ долларын құрайтын,

Сеулде өтіп жатқан Hansol Korea Open халықаралық турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлады ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.
Олар ширек финалда жапондық жұп Шуко Аояма мен Рика Фудзиварадан 7:5, 6:4 есебімен басым түсті.
Воскобоева мен Душевинаның жартылай финалдағы қарсыластары - поляк теннисшілері Клаудиа Енс-Игнасик пен Алисия Росольска.