ТЕННИС: Голубев Германиядағы турнирдің жұптық бәсекесінде ширек финалға шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Франция өкілі Александр Сидоренкомен бірге сейсенбі күні Марбургтегі (Германия) сыйлық қоры 42,5 мың еуроны құраған «Челенджер» турнирінің жұптық бәсекесінің ширек финалына шықты.

ТЕННИС: Голубев Германиядағы турнирдің жұптық бәсекесінде ширек финалға шықты

Бірінші айналым ойынында Голубев/Сидоренко жұбы Максим Отом (Бельгия)/Джером Инсерильо (Франция) дуэтін 6:2, 6:1 есебімен ұтты. Ширек финалда қазақстандық-француз жұбы жарыстың басталуында франциялық теннисшілер Паул-Хенри Матье мен Аксель Мишонды 6:2, 3:6, 10:4 есебімен жеңген испаниялық спортшылар Иниго Сервантес және Пере Рибамен кездеспек.