Теннис: Индиан-Уэллс турнирінде Зарина Дияс америкалық Джейми Лебті жеңді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индиан-Уэллсте (АҚШ) өтіп жатқан ірі халықаралық турнирде қазақстандық Зарина Дияс бірінші айналымда америкалық Джейми Лебпен шеберлік сынасты.

Тікелей спорттық көрсетілім арқылы мәлім болғанындай, Зарина бірінші партияны 6:1 есебімен ұтты. Есеп 2:1 болғаннан кейін қазақстандық теннисші ұрымтал сәттерде жеңістік бермей, екі мәрте брейк жасап, алғашқы сетті өз пайдасына шеше білді. Екінші партияда есеп 2:2 болған тұста Зарина тағы да брейк жасады. Содан кейін өз геймін сәтті пайдаланып әрі тағы бір брейкке қол жеткізіп, есепті 5:2-ге дейін ұлғайтты. Дегенмен Джейми Леб те қарап қалмай, бір брейк жасап, өзі допты сәтті беріп, есепті 4:5-ке дейін қысқартты. Сосын аз-маз үзілісте бапкерінен ақыл-кеңес алған Зарина Дияс соңғы геймді сәтті аяқтай білді. Сөйтіп ол бұл партияда 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Зарина екінші айналымда бұрын дүниежүзілік рейтинг көшін бастаған, қазір осы турнирдің 13-інші ракеткасы, Беларусь елінің маңдайалды өкілі Виктория Азаренкомен кездеседі.

Еске сала кетейік, жүлде қоры 6,8 млн астам АҚШ долларын құрайтын аталмыш турнирдің екінші айналымында сондай-ақ қазақстандық Юлия Путинцева турнирдің 27-інші ракеткасы, франциялық Кристина Младеновичпен, ал Ярослава Шведова осы жарыста 11-інші болып тіркелген чехиялық Люси Шафаржовамен күш сынасады.

Соңғы жаңалықтар