Теннис: Қазақстан чемпионатында 100-ден астам спортшы бақ сынайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 13 қыркүйекте елордадағы «Дәулет» теннис орталығында ерлер және әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, ел біріншілігіне 100-ден астам спортшы қатысып, бақ сынайды.

Чемпионаттың биылғы ерекшелігі, онда еліміздің маңдайалды теннисшілері өнер көрсетеді. Атап айтқанда, Дмитрий Попко, Тимофей Скатов, Денис Евсеев, Бейбіт Жукаев, Григорий Ломакин, Достанбек Ташболатов, Тимур Хабибуллин, Гөзал Айнитдинова, Жібек Құламбаева, Екатерина Дмитриченко, Софья Чурсина, Татьяна Николенко, Аружан Сағындықова және басқалар кортқа шығады.

Айрықша атап өтетін жайт, ерлер және әйелдер арасында жекелей сын жеңімпаздары Astana Open ATP 250 мен WTA 250 турнирлеріне арнайы шақырту алып, 7 мың АҚШ доллары көлемінде грантқа қол жеткізеді. Финалистер мен қола жүлдегерлер сәйкесінше 5 мың және 3 мың АҚШ долларына қоса Astana Open жарысының іріктеу сайыстарына жолдама алады.

Қазақстан чемпионаты 17 қыркүйекке дейін созылады. Жарыс көрермендерсіз, барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, өткізіледі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын US Open турнирінде Андрей Голубев пен Ярослава Шведованың сәтті өнер көрсетіп жатқанын, Григорий Ломакиннің Украинада өткен жарыста жеңімпаз атанғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар